Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
ҚР АШМ: негізгі астықты аймақтарда егіс алқабының 40%-на егін егілді 27 мамыр 2024

ҚР АШМ: негізгі астықты аймақтарда егіс алқабының 40%-на егін егілді

ҚР ауыл шаруашылығы министрі жалпы астық түсімінің 70 пайызға жуығын өндіретін Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында жүкті әйелдерге арналған «Бір күндік клиника» өз жұмысын бастады 27 мамыр 2024

Ақтөбе облысында жүкті әйелдерге арналған «Бір күндік клиника» өз жұмысын бастады

Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының базасында «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды, онда жүкті әйелдер бір күнде «бір терезе» қағидаты бойынша пренаталдық диагностиканың барлық түрлерінен өтіп, зерттеулердің жылдам әрі дәл нәтижелерін ала алады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 100 мыңға жуық ағаш отырғызылды 24 мамыр 2024

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 100 мыңға жуық ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 20 сәуірде Түркістан, Жамбыл, Абай облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында, ал 27 сәуірде республиканың барлық өңірінде жалпықазақстандық акциялар өтті. Акция кезінде сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаштар отырғызылды. Іс-шараға 255 мыңнан астам адам, 20 сәуірде 25 мың адам, 27 сәуірде 30 мыңнан астам ерікті мен белсенділер, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың 130 мың қызметкері, 70 мың мемлекеттік қызметші қатысты. Іс-шараларды іске асыру туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ алаңында баяндады.

ҚР ТЖМ: су тасқыны жағдайы туралы ақпарат 24 мамыр 2024

ҚР ТЖМ: су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Абай облысында жаңадан 5 су қоймасы салынады - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 24 мамыр 2024

Абай облысында жаңадан 5 су қоймасы салынады - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Жаңа су қоймалары өңір қажеттілігі үшін 156 млн текше метрден астам су жинай алады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Түркістан облысына 1 млрд текше метр су жіберілді 23 мамыр 2024

Түркістан облысына 1 млрд текше метр су жіберілді

Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және интеграция министрлігі.

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы 22 мамыр 2024

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы

Атырау облысынан өзге Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі – 581 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1005 см. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қазақстандағы жылыжайлар жақын арада республиканың қиярға деген сұранысын толық өтей алады 22 мамыр 2024

Қазақстандағы жылыжайлар жақын арада республиканың қиярға деген сұранысын толық өтей алады

Вице-премьер Серік Жұманғарин Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жылыжай шаруашылықтары иелерімен және жұмысшыларымен өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті 22 мамыр 2024

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті

Табиғи өрттерге ден қою алгоритмін тәжірибелік пысықтау үшін өткен жылдың күзінде Ақмола өңірінде «Ормандала-2023» оқу-жаттығуы өткізілді. 15-16 мамырда Абай облысында «Семей орманы» резерватында Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу шеңберінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі режимін сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешені, орман-дала өрттері барысында туындайтын негізгі және қосалқы міндеттерді орындау бойынша уәкілетті органдармен және ұйымдармен штабтық жаттығулар өткізілді. Бұл жайында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев ОКҚ алаңында айтты.

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 9 мыңға жуық отбасыға әлеуметтік көмек берілді 22 мамыр 2024

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 9 мыңға жуық отбасыға әлеуметтік көмек берілді

Түркістан облысында жаңа су үнемдеу технологиялары енгізілуде 21 мамыр 2024

Түркістан облысында жаңа су үнемдеу технологиялары енгізілуде

Тамшылатып суару және элиталық сорттардың тұқымын себу негізінде мақта-тоқыма кластерін құру мақта өсіруге арналған аумақты қысқартуға және қазіргі заманғы стандарттардағы тоқыма өндірісі үшін жоғары сапалы шикізат жинауды бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, жаңбырлатқыш машиналар өндірісі экстенсивті егіншілікпен аумақты азайтуға және ылғал сүйгіш дақылдардың өнімділігін арттыруға көмектеседі, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ірі компаниялар БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға және сатып алуға көмек көрсетеді 21 мамыр 2024

Ірі компаниялар БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға және сатып алуға көмек көрсетеді

Вице-премьер Қанат Бозымбаев, «Astana Group» негізін қалаушысы және төрағасы Нұрлан Смағұлов, «Банк ЦентрКредит» директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов, «Jusan Bank» директорлар кеңесінің төрағасы және акционері Ғалымжан Есенов, «ҚазАзот» директорлар кеңесінің мүшесі Рүстем Аязбаев, «Qazaq Stroy» құрылтайшысы Нұрлан Артықбаев және «Alageum Electric» директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов Батыс Қазақстан облысында болды, деп хабарлайды Primeminister.kz.