Табиғи өрттерге ден қою алгоритмін тәжірибелік пысықтау үшін өткен жылдың күзінде Ақмола өңірінде «Ормандала-2023» оқу-жаттығуы өткізілді. 15-16 мамырда Абай облысында «Семей орманы» резерватында Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу шеңберінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі режимін сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешені, орман-дала өрттері барысында туындайтын негізгі және қосалқы міндеттерді орындау бойынша уәкілетті органдармен және ұйымдармен штабтық жаттығулар өткізілді. Бұл жайында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев ОКҚ алаңында айтты.