«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 20 сәуірде Түркістан, Жамбыл, Абай облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында, ал 27 сәуірде республиканың барлық өңірінде жалпықазақстандық акциялар өтті. Акция кезінде сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаштар отырғызылды. Іс-шараға 255 мыңнан астам адам, 20 сәуірде 25 мың адам, 27 сәуірде 30 мыңнан астам ерікті мен белсенділер, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың 130 мың қызметкері, 70 мың мемлекеттік қызметші қатысты. Іс-шараларды іске асыру туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ алаңында баяндады.