Өңір жаңалықтары
БҚО-да су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде
Ақтөбе өңірінде жағдай тұрақталды
Кеше кешке облыс әкімі Асхат Шахаров бейне үндеуі барысында өңірдегі су тасқыны ахуалы тұрақталып, қауіп сейілгенін хабарлады. Өңір бұрынғы қалыпты өміріне оралып жатыр. Қазіргі таңда тек қана Ырғыз ауданы тәуекел аймағында Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Нұра және Мамыр ауылдарында бөгеттерді нығайту үшін қосымша техника жұмылдырылды. Алдын ала осы елді мекендердегі 126 адам эвакуцияланды. Осы сағатқа екі ауылда суға кеткен үйлер жоқ. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ айтты.
Алматы еріктілер фронт-офисі 130 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады
Түркістан өңірінің еріктілері су басқан аймақтарға көмектесу үшін жолға шықты
Қостанай облысында өтемақы төлеу жұмыстары жалғасып жатыр
Қостанай облысының екі қаласы мен 4 ауданында төтенше жағдай жарияланды. Олардың барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша комиссиялар құрылып, жұмыс жасайды. Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайтынын атап өткен жөн. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов ОКҚ алаңында осылай деді.
Ұлытау облысы: қазіргі таңда жағдай тұрақты
БҚО-да 1 қала және 5 ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды
Қостанай облысының су айдындарындағы су деңгейі орта есеппен 1 метрге төмендеді
Ақтөбе облысындағы 41 елді мекенде электр энергиясы жүйесі қалпына келтірілді
Атырау мен Ақтөбе өңірлерінде волонтерлер штабы құрылды
Атырау облысында су тасқынының алдын алу мақсатында Атырау волонтерлер штабы құрылды. Волонтерлер суға кеткен аудан тұрғындарын Атырау қаласына эвакуциялау бойынша автоволонтерлер, жағадағы бөгеттерді бекіту жұмыстары, гуманитарлық көмек келген пункттерде сұрыптау жұмыстары бойынша бірнеше қызметтер атқаруда. Бұл туралы Атырау облысының еріктілер фронт офисінің басшысы Ақбөбек Тәттібекқызы ОКҚ брифингінде хабарлады.