Қостанай облысының екі қаласы мен 4 ауданында төтенше жағдай жарияланды. Олардың барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша комиссиялар құрылып, жұмыс жасайды. Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайтынын атап өткен жөн. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов ОКҚ алаңында осылай деді.