Кеше кешке облыс әкімі Асхат Шахаров бейне үндеуі барысында өңірдегі су тасқыны ахуалы тұрақталып, қауіп сейілгенін хабарлады. Өңір бұрынғы қалыпты өміріне оралып жатыр. Қазіргі таңда тек қана Ырғыз ауданы тәуекел аймағында Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Нұра және Мамыр ауылдарында бөгеттерді нығайту үшін қосымша техника жұмылдырылды. Алдын ала осы елді мекендердегі 126 адам эвакуцияланды. Осы сағатқа екі ауылда суға кеткен үйлер жоқ. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ айтты.