Өңір жаңалықтары
БҚО-да 3 мыңға жуық ерікті көмек көрсетіп жатыр
Қостанай өңірінің барлық аймағында еріктілер жасақтары құрылып, 3 000-ға жуық волонтер көмек көрсетіп жатыр
Қостанай облысында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды
Бүгін СҚО-да өтемақы төлеуге өтініштер қабылдау басталды
«Қазгидромет» РМК 9 гидрологиялық дауылды ескерту шығарды
8 – сәуірде «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары бойынша 9 гидрологиялық дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы ОКҚ-да ұйымның баспасөз хатшысы Алина Исмагулова хабарлады.
Атырау облысында су тасқыны жағдайы тұрақты күрделі болып тұр
Бұл туралы ОКҚ брифингінде Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев мәлімдеді. Оның хабарлауынша, Жылыой ауданында 2810 әкімшілік ғимарат пен үйлерді су басқан, 31 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланған. Негізгі назар су баспайтын жерлерді сақтауға және суды тартуға бағытталған. Осы мақсатта тек ағымдағы күні 54 мыңға жуық қапшық төселіп, 200 тоннаға жуық инертті материал құйылды.
БҚО-на сәуірдің 15-20-сы аралығында үлкен су келеді деп күтілуде
БҚО-да су басу әлі қауіп сейілген жоқ. Облыста 12 аудан, бір қала болса, 8 ауданда жағдай тұрақтанды. Облыс орталығы мен 4 ауданға қауіп әлі де төніп тұр. Олар Ақжайық Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандары. Олардың барлығы Жайықтың бойында орналасқан. Жайық - РФ Челябі облысынан келетін өзен. Олардың көп мөлшерде су тастауы өңірге қауіп туғызады. Соңғы тәуліктерде су көлемі 2140 текше метрге дейін жетті. Ал, былтыр секундына 15 текше метр су келді. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов ОКҚ брифингінде осылай деді.
Бір тәулікте Қостанай облысында су деңгейінің төмендеуі байқалды
Қостанай облысы ТЖД бастығының м.а. Дамир Ермағамбетовтың айтуынша, облыс бойынша су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда. Қаратомар су қоймасын толтыру 94%-ды құрады. Дәл қазір Қостанай қаласына қарай көлемі 2 640 текше метрге дейін азайта отырып, су жіберіледі, тәулігіне су деңгейінің 20-25 см-ге төмендеуі байқалады
СҚО-да күштер мен техниканың қосымша топтары жұмылдырылды
Сергеев су қоймасы 182%-ға толды. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмайды. Қоймадағы су толуы 425 текше метрді құрады. Бұл 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қаупін тудырады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті
Аталған облыстардың әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.
Қостанай облысында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Қостанай облысында жағдай тұрақты қауіпті. 25-наурыздан бастап даладағы су өңірдің оңтүстігінен, атап айтқанда Арқалық, Амангелді, Жангелді жағынан келді. Ол жақта жағдай қазір тұрақты. Бүгінгі таңда төтенше жағдай 6 елді мекенде жарияланды. Олардың ішінде Қостанай мен Рудный қаласы бар. Себебі, Тобыл өзені көтеріліп, мұнда үйлерді су басу қаупі бар. Қостанай облысында 328 үй және 406 аула аумағы су астында қалды. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Зардап шеккен азаматтарға өтемақы тәуелсіз тексерудің қорытындысынан кейін төленеді
Су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығындарды есептеу мақсатында әр ауданның жеке комиссиясы құрылып, бүгінге түскен 2018 өтініштің 1482-сі бойынша үйлерді аралап, тексеру жұмыстары жүргізілді. Төлемдер тәуелсіз тексерудің қорытындысынан кейін жүзеге асырылады. Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан бүгінгі күні 346 құжат қабылданып, 94 адамға 28 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуда. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ алаңында хабарлады.