Өңір жаңалықтары
Жамбыл облысында биыл 17 мәдениет нысанының құрылысы жүзеге асады
Биыл Ақтөбе облысында 21 медициналық нысан салу жоспарлануда
Ақтөбе облысы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылға 21 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 13-і – медициналық пункт, төртеуі – дәрігерлік амбулатория, тағы төртеуі – фельдшерлік-акушерлік пункт, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Президент Өскемендегі Үстел теннисі орталығын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығына барды
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығын және оның базасында ашылған Жеңіл атлетика бойынша Облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебін аралап көрді.
Мемлекет басшысы Өскемендегі «Лу Бань шеберханасының» жұмысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне барып, жоғары оқу орнының қызметімен танысты және оның базасында құрылған «Лу Бань шеберханасы» оқу орталығын аралап көрді.
Президент Өскемен титан-магний комбинатына барды
Астанада Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты өтуде
Бүгін Астанада робототехникадан Орталық Азиядағы ең ауқымды дода Central Asia FIRST Championship чемпионатының ашылуы өтті. Үш күн бойы бес елден келген 3 мыңнан астам мектеп оқушылары өзара бәсекеге түсетін болады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысында ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстарын тексеріп, су тапшылығы мәселелерін шешу жолдарымен танысты
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласының коммуналдық-энергетикалық секторындағы бірқатар нысандарды аралап, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Алматы облысында су электр станциясы пайдалануға берілді
Алматы облысының Райымбек ауданында «Орта Қақпақ» су электр станциясы пайдалануға берілді. Оның номиналдық қуаттылығы 2,2 МВт. Құрылысы 2021 жылы басталған жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңге, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Алматыда барлық мектептер мен балабақшаларда кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Алматыда мемлекеттік орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы іске асырылуда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүз пайыз жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 8 есе өсті - Оқу-ағарту министрлігі
Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев ауыл мектептерін дамыту жобаларына тоқталды. Былтыр Министрлік «Ауыл мектебі - сапа алаңы» республикалық жобасын әзірледі. Жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен және Ы.Алтынсарин академиясының ғылыми сүйемелдеуімен пилоттық режимде Ақтөбе облысында жүзеге асырылуда. Өңірдегі 12 тірек және 134 шағын жинақты мектептер қамтылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
13-14 маусымда 2-ші жыл сайынғы Астана халықаралық форумы өтеді
Аймақтың жетекші халықаралық конференциясы, Астана Халықаралық форумы (AIF) Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылғы 13 және 14 маусымда Астанада өтеді. 2023 жылғы бірінші форумның жетістігіне сүйене отырып, биылғы іс-шара халықаралық қоғамдастыққа жаһандық қауіпсіздік, тұрақтылық пен өркендеудің өсіп келе жатқан сын-қатерлері алдында бірігуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.