Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев ауыл мектептерін дамыту жобаларына тоқталды. Былтыр Министрлік «Ауыл мектебі - сапа алаңы» республикалық жобасын әзірледі. Жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен және Ы.Алтынсарин академиясының ғылыми сүйемелдеуімен пилоттық режимде Ақтөбе облысында жүзеге асырылуда. Өңірдегі 12 тірек және 134 шағын жинақты мектептер қамтылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.