Бүгін Астанада робототехникадан Орталық Азиядағы ең ауқымды дода Central Asia FIRST Championship чемпионатының ашылуы өтті. Үш күн бойы бес елден келген 3 мыңнан астам мектеп оқушылары өзара бәсекеге түсетін болады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.