Өңір жаңалықтары
Киіктердің мүйіздерін сату бақылау мен сауданың тиімді жүйесі әзірленгеннен кейін ғана қаралатын болады – «Охотзоопром» бас директоры
Киік санын реттеу 2023 – жылдың 6 -қазанынан бастап 24 -жылдың 10- ақпанына дейін жүргізілді. Барлығы 42 мың дара киік алынды. Бұл биологиялық негіздеме бойынша жалпы деректердің 12%-ын құрайды. Киікті алудың тәжірибесін ескере отырып, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары оларды реттеу әдісін ұсынған. Яғни түнде жарық аспаптарын пайдаланып ату және күндіз желілік коральды пайдаланып аулау қарастырылып отыр. Бұл деректерді ОКҚ алаңында «Охотзоопром» ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры Марлен Айнабеков хабарлады.
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
Президентке Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.
Маусым айында Астана-Батуми бағытындағы рейстер жанданады
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті отандық және шетелдік әуекомпанияларымен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп келеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жамбыл облысында былтыр 36 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған
Жамбыл облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» мақсатында 21045 жұмыс орын құрылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
2024 жылы Абай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 538 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған
2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасына 6 аудан, оның ішінде 96 ауылдық округ енгізілді. 280 жұмыс орны ашылып, 210 жеке кәсіпкер тіркелді, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Қарағандыда онкологиялық науқастарды емдеу бойынша екі заманауи жабдықталған бөлімше ашылды
Қарағандыда №3 көпбейінді аурухананың базасында екі жаңа бөлімше – жөнделген ғимараттарда орналасқан Радиациялық онкология орталығы мен химиотерапиялық орталық ашылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Алматы облысында егіс алқаптарының 67%-на су үнемдейтін суару жүйесін енгізу жоспарланып отыр
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысындағы ирригация желілерін модернизациялау барысымен танысты. Өңірде 2030 жылдың соңына дейін егіс алқаптарының жалпы көлемінің 67,3%-на су үнемдейтін технологияларды енгізу жоспарланып отыр. Бұл 186,6 мың гектар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ұлытау облысының Сарысу ауылында жаңа ФАП ашылды
Бүгін 1000-нан астам халқы бар аудан орталығынан 300 шақырым жерде орналасқан Ұлытау облысы Ұлытау ауданының Сарысу ауылында жаңа фельдшерлік- акушерлік пункт (ФАП) ашылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Түркістан облысында бір күнде 2 кәсіпорын ашылып, 1 зауыттың капсуласы салынды
Түркістан облысында өндірісті дамыту, зауыттар ашу, инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Президент Алматы қаласының әкімдігіне барды
Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы сумен қамту нысандарының құрылысымен танысты
Абай облысында өнім көлемін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр
Абай облысында өңір халқының қажеттілігін азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларын одан әрі дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды өңір әкімдігі.