Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысындағы ирригация желілерін модернизациялау барысымен танысты. Өңірде 2030 жылдың соңына дейін егіс алқаптарының жалпы көлемінің 67,3%-на су үнемдейтін технологияларды енгізу жоспарланып отыр. Бұл 186,6 мың гектар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.