Өңір жаңалықтары
Түркістан облысында 133 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді - Еңбек министрлігі
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысында 229 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бейімделді, оның ішінде 133 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Маңғыстау облысында метан газымен жүретін көлік саны артады
Маңғыстау облысының көліктік-логистикалық мүмкіншілігін толығымен пайдалану бағытында орталық мемлекеттік органдармен және Үкіметпен бірігіп қызмет атқарылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
Биылғы жылдың алғашқы алты айында Маңғыстау облысында 180 мың турист демалған, оның 16 мыңы – шетелдіктер – Нұрлан Ноғаев
Маңғыстау облысының туризм саласын дамыту, өңірдің тартымдылығын арттыру – басты міндеттердің бірі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баяндама жасаған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев осы мақсатта биыл өңірде халықаралық туристік форум ұйымдастырылғанын еске салды. Аталған шараға туризм саласында қызмет ететін отандық және шетелдік компаниялардың, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.
Білікті маман даярлау, балық өсіруді субсидиялау, заңсыз балық аулаудың жолын кесу: Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысында балық шаруашылығы қалай дамытылатынын айтты
Зәйтүн ағашын өсіру, жасыл сутегін өндіру, кеме жасау: Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысында қолға алынған жобалар туралы айтып берді
Павлодар облысының әкімі: Екібастұз ЖЭО штаттық жылудың қажетті параметрлерін беруде
Павлодар облысында жылу желілерін, бекіту арматурасын және энергия көздеріндегі қазандық агрегаттарын жөндеу, ауыстыру бойынша орасан жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімі Асайын Байханов мәлім етті.
Екібастұзда балалар шығармашылығы орталығының құрылысы 2024 жылы аяқталады
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 позициясы бойынша Павлодар облысы ең төмен бағамен ТОП-5 өңірге кіреді
Мемлекет басшысы әр 10 мың тұрғынға жыл сайын 100 жұмыс орнын ашу міндетін қойды. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірде биылғы жылдың 10 айы ішінде 26 мыңнан аса жұмыс орны құрылғанын хабарлады.
Арзандатылған дизель отыны, шығындарды субсидиялау, қарыздарды қайта құрылымдау. Павлодар облысының басшысы фермерлерді қолдау шаралары туралы баяндады
Павлодар облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамытылуда. Егіс алқабы 1,6 млн га құрады. Облыс фермерлері үшін ағымдағы маусым оңай болған жоқ. Ауа райының қолайсыздығы өз әсерін тигізбей қоймады. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында аймақ басшысы Асайын Байханов фермерлерді қолдау және құрғақшылықтың салдарын азайту бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Электр энергиясының 42,5% және көмірдің 60%-ға жуық көлемі Павлодар облысында өндіріледі – аймақ басшысы
Қазақстан мен Өзбекстанды жаңа теміржол байланыстыратын болады
Түркістан облысында ұзындығы 152 км болатын Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір режимінде жұмыстарды ресми түрде бастап берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Білім сапасы. PISA халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша Қостанай облысы республика бойынша 2-орын алды
Үстіміздегі жылы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында 40 мың азаматқа жұмыспен қамту бойынша жәрдем көрсетілді. Жыл соңына дейін қамту 42 мыңды құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті.