Павлодар облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамытылуда. Егіс алқабы 1,6 млн га құрады. Облыс фермерлері үшін ағымдағы маусым оңай болған жоқ. Ауа райының қолайсыздығы өз әсерін тигізбей қоймады. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында аймақ басшысы Асайын Байханов фермерлерді қолдау және құрғақшылықтың салдарын азайту бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.