Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Президент Жетісу облысының туристік әлеуетімен танысты 26 қазан 2023

Президент Жетісу облысының туристік әлеуетімен танысты

Мемлекет басшысына Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейінде Жетісу облысының туризм саласын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қысқаша мәлімет берілді. Облыс әкімінің орынбасары Рустам Әлидің айтуынша, туризм саласының дамуына қатысты негізгі көрсеткіштерде өсім байқалады. Соңғы үш жылда өңірге келген туристер саны екі есе артқан. Ал осы саладағы көрсетілетін қызметтер көлемі 16 миллиард теңгеге дейін өсті.

Мемлекет басшысы Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне барды 26 қазан 2023

Мемлекет басшысы Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне барды

Мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етуден басталды.

Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді 26 қазан 2023

Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді

Су тасқынының алдын алу мақсатында биыл 41 гидротехникалық құрылыс реконструкциядан өтті 26 қазан 2023

Су тасқынының алдын алу мақсатында биыл 41 гидротехникалық құрылыс реконструкциядан өтті

Су тасқынының алдын алу мақсатында биыл жөндеуді қажет ететін 41 гидротехникалық құрылыс реконструкция өтті. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысындағы Чар және Түркістан облысындағы Шардара су қоймаларында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚМА қабылданған шаралардың нәтижесінде Риддер ЖЭО бойынша 5,5 млрд теңгеден астам борыш өтелді 26 қазан 2023

ҚМА қабылданған шаралардың нәтижесінде Риддер ЖЭО бойынша 5,5 млрд теңгеден астам борыш өтелді

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті жүргізген тергеу барысында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы меншік иелері 5,5 млрд теңгеден астам борышын, оның ішінде жалақы және салық міндеттемелері бойынша қарыздарын төледі, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы жүктерді ауыстырып тиеуді бастады 26 қазан 2023

Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы жүктерді ауыстырып тиеуді бастады

2023 жылдың қыркүйек айының соңында Маңғыстау облысының Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының (КТТ) бас жүк терминалында жүктің бірінші партиясы қабылданды, ал қазан айының соңына қарай жалпы салмағы 4,5 мың тонна кемеге тиелген металдың жөнелтуі жоспарлануда. Осылайша, Құрық портының жаңа терминалдық қуаттары іске қосылуда. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметте трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері жөніндегі жедел жұмыс тобының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Оралда 500 орындық жатақхана ашылды 24 қазан 2023

Оралда 500 орындық жатақхана ашылды

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде студенттерге арналған жаңа 500 орындық 9 қабатты жатақхананы пайдалануға берілді. ЖОО Республика бойынша өз қаражаты есебінен жатақхана салу тәжірибесін алғаш рет жүзеге асырды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды 23 қазан 2023

Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір арқылы ұзындығы 308 шақырым болатын «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісін іске қосты. Құбыр құрылысы өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүргізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі 450 мыңнан астам адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған 34 жобаны іске асырып жатыр 19 қазан 2023

Су ресурстары және ирригация министрлігі 450 мыңнан астам адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған 34 жобаны іске асырып жатыр

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл Ақмола, Алматы, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 34 жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Абай облысында 42 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді 19 қазан 2023

Абай облысында 42 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Абай облысында 111 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бейімделді, оның ішінде 42 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Астана әуежайы ірі мультимодальді хабқа айналады: шетелдік инвестормен келісімге қол қойылды 18 қазан 2023

Астана әуежайы ірі мультимодальді хабқа айналады: шетелдік инвестормен келісімге қол қойылды

Түркістан облысында жаңа өнеркәсіптік парк пен заманауи көпбейінді аурухана ашылады 17 қазан 2023

Түркістан облысында жаңа өнеркәсіптік парк пен заманауи көпбейінді аурухана ашылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Өңірде Үкімет басшысы бірінші кезекте жаңа өнеркәсіптік парктің және заманауи көпбейінді аурухана құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.