Мемлекет басшысына Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейінде Жетісу облысының туризм саласын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қысқаша мәлімет берілді. Облыс әкімінің орынбасары Рустам Әлидің айтуынша, туризм саласының дамуына қатысты негізгі көрсеткіштерде өсім байқалады. Соңғы үш жылда өңірге келген туристер саны екі есе артқан. Ал осы саладағы көрсетілетін қызметтер көлемі 16 миллиард теңгеге дейін өсті.
Президент Жетісу облысының туристік әлеуетімен танысты
Тегтер:
экономика
президент
өңірлер
жолдау
цифрландыру
қауіпсіздік
Ақорда
Қазақстан
жаңалықтар
инфрақұрылым