Өңір жаңалықтары
Әділет министрлігі: 12 Digital Justice – Цифрлық әділет жобасын жетілдіру бойынша жұмыс жоспарланып тұр
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келіп, Ақтөбе облысының тұрғындарымен және халқымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Қарапайым заттар экономикасы»: Әлихан Смайылов Шымкентте жаңа зауытты іске қосты
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шымкентте шыны конструкцияларын өңдеу және өндіру зауытын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.
Астанада жаңа Қала құрылысы кодексін әзірлеу мәселелері талқыланды
Бас шаһарда Қазақстан құрылысшылар одағының мүшелері мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіліп, онда саладағы заңнамалық өзгерістер талқыланды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Еліміздің батыс өңірлерінде заманауи жаяу жүргіншілер жолақтары орнатылды
Республикалық маңыздағы автожолдарда жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін проекциялық жаяу жүргіншілер жолақтарын орнату бойынша жұмыстар жалғасып келеді. Жая жүргіншілерге арналған мұндай жолақтардың ерекшелігі сол, ол ұзақ жерден адам көзіне көрінеді. Бұдан бөлек күн райының қолайсыз кездері мен қысқы уақытта да оны анық байқауға болады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақмола облысында 58 медициналық объекті мен мектептер салынады: А. Көлгінов ұлттық жобаларды жүзеге асырудың барысымен танысты
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында «Фостерлік отбасылар», «Ауыл Аманаты», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп», дуалды оқыту бағдарламаларын жүзеге асырудың барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.
Әлихан Смайылов Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысын жеделдетуді тапсырды
Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жоспарланған бағдарламадан бөлек, бірінші кезекте қалалық әуежайдың жай-күйімен танысып, жаңа терминал құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Президентке қаланың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және осы жылға арналған жоспары туралы баяндалды.
Шығыс Қазақстанның аудандық ауруханалары босануға көмек көрсетудің жаңа деңгейіне көшіп жатыр
Катонқарағай мен Зайсан ауданы халқы үшін аудандық ауруханалардың перзентханаларында күрделі жөндеу жүргізу және оларды босануға көмек көрсетудің екінші деңгейіне ауыстыру көптен күткен жақсы жаңалық болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту: Ажар Ғиният Қарағанды облысындағы ауылдық денсаулық сақтау объектілерін аралады
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысына жұмыс сапары шеңберінде Шет ауданының Қызылқой кентіндегі медициналық пунктке барды. Мұнда 1970 жылы тозығы жеткен типтік емес құрылыс орнында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасы шеңберінде биыл жаңа медициналық нысан ғимаратының құрылысы басталады.
Түрік инвесторы Көкшетауда ЖЭО салуға қызығушылық танытты
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен түріктің «Гап Иншаат» компаниясы бас директорының міндетін атқарушы Ченгель Азиз Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.
Қазақстан үшін бұл бірегей шара болды – Дәрмен Сәдуақасов Алматыда өткен шахматтан Әлем чемпионаты туралы
Былтыр желтоқсан айының соңында Алматы қаласында рапид пен блицтен өткен шахматтан Әлем чемпионаты ФИДЕ, қатысушылар, көрермендерден тарапынан жоғары баға алды, бұл болашақта Қазақстанды ірі халықаралық жарыстарды өткізудің басым алаңы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Ел өңірлерінде Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын кең ауқымды талқылау басталды
Көшпелі кеңес Жамбыл облысында өтті. Іс-шараға Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, АШМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Кездесуге шаруа қожалықтарының басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және Жамбыл облысына қарасты Жамбыл және Байзақ аудандарының тұрғындары шақырылды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.