Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Қарағанды облысының тұрғындарына Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды 29 желтоқсан 2022

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Қарағанды облысының тұрғындарына Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды

Ақмәди Сарбасов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында еңбек ұжымдарымен, студенттермен және әлеуметтік қызметкерлермен бірқатар кездесулер өткізді. Ол өңір тұрғындарына Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Энергетика вице-министрі Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді 27 желтоқсан 2022

ҚР Энергетика вице-министрі Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу барысында ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов жанар-жағармай материалдары нарығын реформалау туралы айтты, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Шымкент қаласы кәсіпорындарының басшыларымен әзірленіп жатқан мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасына түзетулерді талқылады 27 желтоқсан 2022

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Шымкент қаласы кәсіпорындарының басшыларымен әзірленіп жатқан мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасына түзетулерді талқылады

Шымкентке жұмыс сапары аясында Дәурен Кеңбеил қаланың бірқатар ірі кәсіпорындарының басшыларымен кездесу өткізді, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында және «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан бірқатар өндірістерді аралады, сондай-ақ азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

2022 жылдың соңына қарай Алматы, Астана, Шымкент қалаларында 5G желісін іске қосу жоспарлануда 26 желтоқсан 2022

2022 жылдың соңына қарай Алматы, Астана, Шымкент қалаларында 5G желісін іске қосу жоспарлануда

Болашақта 5G желісінің негізгі пайдаланушылары мүдделі тараптардан анықталады: бұл жоғары жылдамдықты қажет ететін ірі бизнес абоненттері, видеоларды көп көретін және сапалы байланысты қажет ететін белсенді әлеуметтік желі қолданушылары. Халықаралық зерттеулер мобильді технологияларды енгізу қарқыны мен халық пен бизнестің экономикалық белсенділігі арасындағы тікелей байланыстың барын көрсетті. 4G технологиясын енгізу және қазір оны дамыту кезінде оның халық пен бизнес үшін қандай пайдасы бар екені белгілі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізді 25 желтоқсан 2022

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Халықпен кездесу барысында облыстың экологиялық жағдайының кең ауқымды мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көшбасшы орында тұрғанын атап өтті - Болат Ақшолақов 25 желтоқсан 2022

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көшбасшы орында тұрғанын атап өтті - Болат Ақшолақов

ҚР Энергетика министрі Жамбыл облысының энергетика саласының ағымдағы жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Әлібек Қуантыров Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізді 25 желтоқсан 2022

Әлібек Қуантыров Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Өңірге жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Сарыөзек ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды РҚ ҰЭМ ресми Telegram-каналы.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Қостанай облысының тұрғындарына Әлеуметтік кодекс жобасы туралы айтты 24 желтоқсан 2022

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Қостанай облысының тұрғындарына Әлеуметтік кодекс жобасы туралы айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қостанай облысына жұмыс сапары аясында бірқатар мекемелерге барып, өңір халқымен кездесулер өткізді, оның барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы Қызылорда облысын дамыту бойынша басым міндеттерді белгіледі 24 желтоқсан 2022

Үкімет басшысы Қызылорда облысын дамыту бойынша басым міндеттерді белгіледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында өткен кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жоба ел көлемінде таратылатын болады – А. Көлгінов 24 желтоқсан 2022

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жоба ел көлемінде таратылатын болады – А. Көлгінов

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаның іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Әлихан Смайылов Қызылордада жаңа ЖЭО құрылысының жобасымен танысты 23 желтоқсан 2022

Әлихан Смайылов Қызылордада жаңа ЖЭО құрылысының жобасымен танысты

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің негізгі инфрақұрылымдық нысандарының жұмысын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Өндірушілер халыққа сапалы және қолжетімді азық-түлік тауарларын ұсынуы қажет: Әлихан Смайылов Қызылорда облысының аграрийлерімен кездесті 23 желтоқсан 2022

Өндірушілер халыққа сапалы және қолжетімді азық-түлік тауарларын ұсынуы қажет: Әлихан Смайылов Қызылорда облысының аграрийлерімен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысып, өзекті проблемалық мәселелерді шешу және негізгі инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралау үшін жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.