Болашақта 5G желісінің негізгі пайдаланушылары мүдделі тараптардан анықталады: бұл жоғары жылдамдықты қажет ететін ірі бизнес абоненттері, видеоларды көп көретін және сапалы байланысты қажет ететін белсенді әлеуметтік желі қолданушылары. Халықаралық зерттеулер мобильді технологияларды енгізу қарқыны мен халық пен бизнестің экономикалық белсенділігі арасындағы тікелей байланыстың барын көрсетті. 4G технологиясын енгізу және қазір оны дамыту кезінде оның халық пен бизнес үшін қандай пайдасы бар екені белгілі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты.