Өңір жаңалықтары
ҚР АШМ басшысы Қарағанды облысының фермерлерімен кездесті
Қарағанды облысының фермерлері Ауыл шаруашылығы министріне АӨК саласының өзекті және проблемалық мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қойды. Ербол Қарашөкеев өңірге жұмыс сапары кезінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті, сондай-ақ облыстың бірнеше кәсіпорнына барды.
Қостанай облысында халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткішінің 10%-ға төмендеуі байқалады
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қостанай облысына жұмыс сапары бағдарламасының шеңберінде жұртшылықпен кездесу өткізді.
2025 жылға дейін медициналық емес қызметкерлердің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өседі
Ажар Ғиният Қостанай облысына жұмыс сапары аясында азаматтарды жеке қабылдады.
Қазақстан өнімді экспорттау үшін Халал стандарттарын белсенді енгізуде
Мемлекет басшысы Жетісу облысының жұртшылығымен кездесуде отандық агроөнеркәсіптік индустрияда тек ет пен сүтке ғана емес, дәнді дақылдарға, көкөністерге, жемістерге және басқа да азық-түлік өнімдеріне де Халал стандарттарын қолдану керектігін атап өтті. Бұл қадамдар біздің елімізге халықаралық нарықта өз ұстанымдарын нығайтуға, ал содан кейін күшейтуге мүмкіндік береді.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Шымкент қаласына іс-сапармен келді
Қайырбек Өскенбаев «Тассай» индустриялық аймағына барып, халыққа арналған дайын өнімдер шығаратын кәсіпорындардың құрылыс барысымен танысты. Бұндағы барлық өндіріс ошақтары мемлекеттік қолдау аясында іске қосылған.
Денсаулық сақтау министрі Қостанай облысындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралады
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қостанай облысына жұмыс сапары шеңберінде бірқатар медициналық ұйымдарға барып, медицина қызметкерлерінің ұжымымен кездесті.
Жаңа Су кодексінде жерасты суларын пайдалану ережелері мен қағидалары қарастырылады
Су шаруашылығы ҒЗИ Жамбыл облысындағы жер асты суының құрамын тексеріп, оны егін шаруашылығына жарамды деп тапты. Қоры да жеткілікті. Алайда ағын судың 80% көрші елден алып отырған өңірде жерасты осы күнге дейін суы пайдаланылмай келеді. Кеңестік кезеңде тәжірибе үшін қазылған 100-ден аса артезиан бар. Тамшылатып суаруға қолайлы бұл тәсіл қолға алына ма? Жаңа Су кодексінде жерасты суын пайдалануға қатысты қандай жаңалық бар? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында экология министрлігінің өкілдеріне журналистер осындай сұрақ қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасына барды
Мемлекет басшысы Талдықорған қаласында биыл маусым айында ашылған «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасы» ЖШС жұмысымен танысты.
Президент Е.Досаевқа Алматы экономикасын одан әрі әртараптандыру және инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады.
Астанада АӨСШК саммитінде бірқатар құжаттар мен шешімдер қабылданды
Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде бірқатар ерекше тақырыптық құжаттар қабылданды. АӨСШК VI Саммитінің қорытындылары туралы баяндаған кеңестің Бас хатшысы Елші Қайрат Сарыбай Орталық коммуникациялар қызметі алаңында оларға тоқталып өтті.
Азия кеңесінің Астанада өткен саммитіне 50-ден астам делегация қатысты
Биыл Астанада тұңғыш Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің саммиті өтті. Бұл – тарихи оқиға. Шара Азия кеңесінің құрылуының 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Оған ұйымға мүше мемлекеттер, төрағалықты бақылаушылар, төрағалықтың қонақтары, жалпы саны 50-ден астам делегация қатысты. Оның 12-сі мемлекет және үкімет басшылары деңгейінде болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде АӨСШК Бас хатшысы Елші Қайрат Сарыбай мәлімдеді.
Абай облысында Республика күніне орай 200 іс-шара өтеді
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында сөйлеген сөзінде республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тиісті заңға қол қойылды. Енді Республика күні Ұлттық мерекелер тізіміне енгізілді.