Биыл Астанада тұңғыш Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің саммиті өтті. Бұл – тарихи оқиға. Шара Азия кеңесінің құрылуының 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Оған ұйымға мүше мемлекеттер, төрағалықты бақылаушылар, төрағалықтың қонақтары, жалпы саны 50-ден астам делегация қатысты. Оның 12-сі мемлекет және үкімет басшылары деңгейінде болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде АӨСШК Бас хатшысы Елші Қайрат Сарыбай мәлімдеді.