Өңір жаңалықтары
ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді – СҚО әкімінің орынбасары
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығметов ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай өңірде өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітілгенін айтты.
Президент Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысын бастауға рұқсат берді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары оңтүстік астана әуежайының жаңа халықаралық терминалы құрылысының капсуласын салу рәсіміне қатысумен аяқталды.
БП: Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысы бар 205 күдікті сот санкциясымен қамауда
Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте Қаңтар оқиғаларына қатысты қылмыстық істерді тергеу барысы туралы айтып берді. Спикердің айтуынша, Қаңтар оқиғалары кезеңінде жасалған барлық қылмыстар бойынша тергеу органдарымен Алматы қаласында барлығы 1 066 қылмыстық іс тергелуде, оның ішінде 5-уі жаппай тәртіпсіздіктер, 5-уі терроризм актілері бойынша. Соттың санкциясымен 205 күдікті адам қамауда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді
Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады.
Е.Қошанов: Президент реформаларының ел болашағы үшін маңызы зор
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың Қарағанды облысына жұмыс сапары басталды.
Әрбір фермер бөлінетін қаражаттың игілігін көруі тиіс – Әлихан Смайылов
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, онда бірқатар өндірістік, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, агроөнеркәсіптік кешеннің, денсаулық сақтау саласының даму барысымен және инвестициялар тарту жұмыстарының жай-күйімен танысты.
АӘК алушылардың басым бөлігі балалар
Өңірлер бөлінісінде өткен жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылардың ең көп саны Шымкент қаласында – 47,2 мың отбасы (23,8%), Түркістан облысында – 42,9 мың отбасы (21,7%) және Алматы облысында – 22,6 мың отбасы (11,4%) бар. АӘК алушылар саны ең аз өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан облысы – 2,7 мың отбасы (1,3%) және Атырау облысы – 1,6 мың отбасы (0,8%). Басқа өңірлердегі жағдай бірқалыпты. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов осындай мәліметтерді келтіріп өтті.
ОРК Төрағасы Түркістан облысының Арыс пен Шымкент қалаларында іссапарда болды
Орталық референдум комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров өңірлердің референдумға дайындығын бақылау мақсатында Түркістан облысының Арыс қаласына және Шымкент қаласына екі күндік сапармен барды. ОРК басшылығының Арыс қаласына сапары кездейсоқ емес, өйткені қала бұрын үлкен күйзелістерді бастан кешіріп, қазіргі таңда қалаға ерекше назар аударылып келеді.
Мемлекеттік аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүр етті
Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен аудиторлық тексеру жүргізу барысында бірнеше рет пара алғаны үшін Қызылорда облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман-мемлекеттік аудиторына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бішкекте қазақстандық және қырғыз тәртіп сақшыларының кездесуі өтті
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барып, Шу облысының Ішкі істер басқармасының бастығы Сапарбек Асаналиевпен кездесті.
Жамбыл облысында 4388 пәтерлі 68 тұрғын үйдің құрылысы жүруде
Облыстағы құрылыс жұмыстарындағы жобалау, жоспарлау және үйлестіруге қатысты бірқатар мәселер бойынша жұмыс тобы құрылатын болды. Ол екі апта ішінде мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар әзірлейді.
Биыл Ақтөбе облысының экономикасына 933 млрд теңге инвестиция тартылатын болады
Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында облыс экономикасына инвестиция тарту сұрақтары талқыланды.