Өңірлер бөлінісінде өткен жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылардың ең көп саны Шымкент қаласында – 47,2 мың отбасы (23,8%), Түркістан облысында – 42,9 мың отбасы (21,7%) және Алматы облысында – 22,6 мың отбасы (11,4%) бар. АӘК алушылар саны ең аз өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан облысы – 2,7 мың отбасы (1,3%) және Атырау облысы – 1,6 мың отбасы (0,8%). Басқа өңірлердегі жағдай бірқалыпты. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов осындай мәліметтерді келтіріп өтті.