Өңір жаңалықтары
Асқар Омаров Алматыда медиа қоғамдастығы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
25 сәуірде АҚДМ Басшысы Асқар Омаров Алматы медиа қоғамдастығы мен республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді
В Нур-Султане пройдет литературно-музыкальный вечер «Мелочи жизни» Ермека Турсунова и Габита Несипбаева
12 мая 2022 года, в органном зале КазНУИ состоится литературно-музыкальный вечер «Мелочи жизни».
Бөтен мүлікті ұрлағаны үшін ұсталғандардың көбі алғаш рет заңды бұзған жастар
Ішкі істер тергеушілері айыптау актісімен 410 айыпталушыға қатысты 261 қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Мұндай істердің ең көп саны Алматы қаласы бойынша – 185, Алматы облысы бойынша – 49, Жамбыл облысы бойынша – 10 және Қызылорда облысы бойынша – 4 аяқталды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар осындай мәліметтерді жария етті.
Қаңтар оқиғалары кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының екі ірі қаласында агресивті 2500 адамдар мен полицияның қақтығысы бір уақытта болған – БП
Алматы облысында 16 адам қаза болды, оның ішінде 5 құқық қорғау органының қызметкері.
Тергеу органдарының іс жүргізуінде 5 041 қылмыстық іс бар. Олардың ішінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 49 іс, терроризм актілерімен – 4
Жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған. Бас Прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы баяндады.
Берік Қамалиев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды.
Алматыда БҰҰ мен Венециялық комиссияның Қазақстанның қазіргі тарихындағы рөлі талқыланды
2022 жылғы 22 сәуірде Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл толуына және Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясына қосылғанына 10 жыл толуына арналған «Құқық үстемдігін бекітудің Конституциялық және халықаралық аспектілері» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Әлихан Смайылов БҚО-дағы күре жолдарды жөндеу қарқынын жеделдетуді тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Үкімет басшысы өңірдегі бірқатар кәсіпорынды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жолдарды жөндеу бойынша барлық қажетті шараны дереу қабылдауды тапсырды.
Шетелдік кәсіпкерлер Павлодар облысының өнімдерін сатып алуға мүдделі
Павлодарға губернатор Александр Бурков бастаған Омбы облысының делегациясы келді. Тараптар облыстық әкімдікте екі жақты кездесу өткізді.
Біз бос қиялдамаймыз. Билік шешімдері азаматтарымыздың игілігі үшін жұмыс істеуі үшін оларға нақты қолдау көрсетуге дайынбыз – Г. Құрбанбаева
Қызу жұмыс, жай істелді деп айту үішін емес. Сайлауға дайындық дәл осылай жүрді және қазір Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің жұмысы жалғасуда. Ол 99,9% жаңартылды. Нәтижесінде құрамына азаматтық қоғам институттарының түрлі бағыттары бойынша өкілдер кірді: ғылым, білім, ҮЕҰ, саяси партиялар, кәсіподақтар, БАҚ өкілдері. Мемлекеттік органның жалғыз өкілі - өңір әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. Бірақ ол «билікпен жедел байланыс үшін» қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Қауымдастығының президенті, Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Гүлнар Құрбанбаева мәлімдеді.
«Жаңа Қазақстан» бағдарламасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси болашағын жаңа мақсатқа бағыттап, бағдарламаның іске асуына жол ашты – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
Соңғы жылдары азаматтық қоғамның, халықтың азаматтық белсенділігінің төмендеп кетті. Енді жаңарту, жаңғырту мәселелері, экономикалық дамуды жеделдету мәселелері тек қана үкіметтің ғана мәселесі болып қалмау керек. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазРена» Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры, профессор, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Джапаров осындай пікірін жеткізді.
Қазақстанның Халық артисі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналады
23 сәуірде сағат 19.00-де Қызылорда қаласында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қазақстанның Халық артисі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ» атты мерекелік концерт өтеді.