Жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған. Бас Прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы баяндады.