Оның айтуынша, әрбір өңірде тергеу топтарымен тергеу әрекеттері жүргізіліп, олардың аяқталуына қарай қылмыстық істер сотқа жолдануда.
«Бүгінгі тергеу органдарының іс жүргізуінде аталған санатта 5 041 қылмыстық іс бар. Олардың ішінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 49 іс, терроризм актілерімен - 45. Өңірлердегі жағдайларды бөліп көрсеткенде. Шымкент қаласының прокуратурасымен қиратулар, мүліктерді жою және автокөліктерді өртегені үшін, яғни жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны бойынша 8 күдікті сотқа берілді. Бейнежазбада жаппай тәртіпсіздіктердің көрінісі көрсетілген. Қызылорда облысында осы тектес айыппен 7 адамға қатысты істер кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау арқылы сотқа жіберілді. Мұндай істердің сотта қаралу ерекшеліктеріне тоқталып өтейін. Күдікті айыптауға, дәлелдемелерге, келтірілген залалмен дауласпаған кезде және жазаның түрі мен мөлшерімен келіскен жағдайда онымен кінәні мойындау туралы келісім жасалады. Сотта 10 тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады және жазаның мөлшері осы баптың санкциясындағы ең жоғары мерзімнің жартысынан аспайды», - деді спикер
Бұл рәсім бойынша 3 адамға қатысты үкімдер қабылданып, олар бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалар тағайындалды.