Ішкі істер тергеушілері айыптау актісімен 410 айыпталушыға қатысты 261 қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Мұндай істердің ең көп саны Алматы қаласы бойынша – 185, Алматы облысы бойынша – 49, Жамбыл облысы бойынша – 10 және Қызылорда облысы бойынша – 4 аяқталды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар осындай мәліметтерді жария етті.