Өңір жаңалықтары
Қылмыскерлер наразылық акцияларын өз мақсаттары үшін қолданған – Алматы қ. прокуроры
Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев алғашқы күннен бастап әріптестерімен бірге қантөгіс оқиғалардың ошағында жүрген. Қылмыскерлердің алдын ала дайындаған шабуылына куә болған. Олар арнайы техникаларды, автобустарды басып алып, құқық қорғаушыларға қарсы шықты. Барлық жерлерде бейнекамераларды жойып, қылмыс жасау үшін қолға түскен барлық құралдарды пайдаланды. Мысалы, жеке құрам жұмыс істеп отырған прокуратура ғимараттарының бірі өртенді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтып берді.
Алматыда жағдай тұрақты. Құқық бұзушылық туралы әрбір дабыл мұқият тексеріледі – Қ.Таймерденов
Қазіргі кезде қылмыскерлерден және қоймалардан қарулар тәркіленуде. Тәртіпсіздіктер кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды, оның ішінде 163 – полицияның қызметтік көлігі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов хабарлады.
Арнайы органдардың қызметкерлері мен әскерилер бірлесіп, қаланы тазарту бойынша лаңкестікке қарсы іс-шара жүргізілуде – Алматы ПД бастығы
Алматы қаласының полиция департаменті мен прокуратурасының өкілдері Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласында болған оқиғалар бойынша ресми мәлімдеме жасады. Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов 3 қаңтарда еліміздің батысындағы шерулерді қолдау мақсатында қалада заңсыз жиындар өткенін жеткізді. Қаланың әр түкпірінде екі жүзден 2 мыңға дейін азамат жиналған жиындар өткізілді. Бұл ретте осы күні митингіге шыққандар тарапынан өрескел бұзушылықтар тіркелген жоқ. Жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ прокуратура қызметкерлерімен алдын алу түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бұл күні наразылық білдірушілер тарапынан өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді. 4 қаңтарда «Алматы Арена» мұз сарайының жанына 2 мыңға жуық наразылық білдіруші жиналды. Сондай-ақ, Шығыс айналма жолының маңында бір топ адам заңсыз науқан өткізді. Қаланың басқа бөліктерінде жиналғандар саны 5 мың адамға дейін жетті. Олармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ҚР ҰҚК: Террористік актілерге қатысы бар адамдарды іздеу нәтижелері
Шекара қызметі ҰҚК аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл аясында ІІМ «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесін жұмылдыра отырып, Алматы облысында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
Алматы әуежайынан алғашқы жолаушылар сапар шекті
Алматы әуежайы жұмысын қалпына келтіргеннен кейін алғашқы жолаушылар Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында сапар шекті. Ішкі және халықаралық рейстер әуе компанияларның ұшу кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылатын болады.
Президент Алматыдағы Полиция департаменті Шұғыл әрекет ету басқармасының орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталықтың құқықтық тәртіпті және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы мәлімет берілді.
Президент Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына барды
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында болды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында тағы төрт қосымша коммерциялық пойызды іске қосады
«Бәйтерек» холдингінің ұжымы Алматыдағы оқиғалардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір күндік жалақысын аударуға шешім қабылдады
ҚР ИИДМ: Fly Dubai Дубаи-Нұр Сұлтан-Дубаи бағыты бойынша тұрақты рейстерді жалғастыруда
ҚР ИИДМ: шет елдердегі отандық туристер елге астана арқылы жеткізіледі
Жаңа жылдық демалысқа БАӘ, Шри-Ланка, Таиланд, Мальдив және Гоаға кеткен туристерді елге жеткізу жұмыстары мүмкіндігінше жеделдетіліп, елорда әуежайы арқылы жүргізіледі.