Қазіргі кезде қылмыскерлерден және қоймалардан қарулар тәркіленуде. Тәртіпсіздіктер кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды, оның ішінде 163 – полицияның қызметтік көлігі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов хабарлады.