Өңір жаңалықтары
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сыр елі қарқынды дамып, индустриалды-аграрлық өлкеге айналды – Қызылорда облысының әкімі
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерді орындау аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтып берді. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сыр елі қарқынды дамып, индустриалды-аграрлық өлкеге айналды.
1-1,5 жылдан кейін дәрігерлеріміз ең күрделі операцияларды жасайды: ШҚО әкімі ядролық медицина орталығы туралы
Үстіміздегі жылдың сәуір айында радиоизотопты зерттеу басталды, бір фотонды компьютерлік томографтар жұмыс істейді. Бүгінгі күні радионуклеидті диагностиканың өткізу қабілеті жылына 6 мың пациентті құрайды, 600 адам емделуден өте алады. Жыл басынан бері бір фотонды имуссиялық компьютерлік томографта 368 адам және позитронды-миссионерлік томографта 15 адам тексеруден өтті. ШҚО әкімі Даниал Ахметов отандық медицинаның серпінді жетістігі туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, көп балалы отбасылар үшін үйлер салып жатырмыз. Кезек 5 есеге өсті - ШҚО әкімі
ШҚО-да тұрғын үй кезегінің 5 есе өсуі сенімнің белгісі. Аймақ басшысы көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үрдісін дәл осылай бағалайды. Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өз бақылауларымен бөлісті.
Қазақстан әлемдегі ядролық станцияларына негізгі отын жеткізушілерінің біріне айналады – Д. Ахметов
ШҚО-да Еңбек ресурстарын дайындау мәселесіне көзқарас айтарлықтай өзгерді. «Жас маман» жобасы бойынша базалық колледждер жанынан 6 құзыреттілік орталығы ашылды, онда студенттер жаңа заманауи жабдықта практикадан өте алады. Жыл соңына дейін тағы 5 орталық ашылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мәселелері шешілуде.
2021 жылы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 97% жетеді - ШҚО басшысы
Денсаулық сақтаудың маңызды факторларының бірі - салауатты өмір салты. Мемлекет басшысы биыл тамыз айында бұқаралық және балалар спорт түрлерімен айналысу үшін жағдай жасау қажеттігін атап өтті, бұл ұлтты сауықтыруға мүмкіндік береді. Ол үшін 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен ШҚО жалпы білім беретін мектептерінде қосымша 3213 спорт секциясы ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Даниал Ахметов айтып берді.
ШҚО-да 2025 жылға дейінгі Инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы шеңберінде ірі инвестициялық жобалар іске асырылады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірді дамытуда жол-көлік логистикасының сапалы болуы маңызды екенін атап өтті. Биыл Өскемен мен Үржардағы әуежай алаңдары қайта жөндеуден өткізілді.
COVID-19-ға қарсы вакцинацияның бірінші кезеңі аяқталды – Д. Ахметов
ШҚО «жасыл» аймақта орналасқан. Сырқаттану көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда жалпы республикалық көрсеткіштен 0,6 есе төмен. Соңғы тәулікте КВИ-дің 60-тан астам жағдайы тіркелді, бұл тамыз айындағы ең жоғары көрсеткішінен 4 есе төмен. Облыстың денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері туралы өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.
Тәуелсіздік жылдары жалпы өңірлік өнім көлемі 2,5 млрд-тан 5,2 трлн теңгеге дейін өсті – ШҚО әкімі
Биылғы жыл – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтілетін тарихи кезең. Бұл кезеңде Қазақ елі, мыңжылдық мәні бар, маңызды оқиғаларды басынан өткерді. Еліміздің басқа аймақтарымен бірге Шығыс Қазақстан облысы да ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қол жеткізді. Ең бастысы өңір халқының тұрмыс-тіршілігі жақсарды. Тәуелсіздік жылдары ішінде жалпы өңірлік өнім көлемі, 2,5 млрд-тан 5,2 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.
Ұйғыр ауданының атауын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ – А.Баталов
Ұйғыр ауданының атауын өзгерту мәселесін жоғары жаққа жеткіземін деп едіңіз. Өкінішке орай, аудан аудан атауы әлі өзгерген жоқ. Бұл уәдеңізді орындадыңыз ба? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Алматы облысының әкімі Амандық баталовтан осы жайлы сұрады.
Алматы облысында көмір тапшылығы жоқ. Мен мәселені жеке бақылауымда ұстаймын – А. Баталов
Әлеуметтік желілерде жүк тиегішке мініп алған әйелдің видеосы кеңінен тарады. Осылайша Алматы облысының тұрғындары көмір тапшылығына назар аудартуға тырысты. Бүгін өңір басшысы Амандық Баталов еліміздің басты ақпараттық алаңынан жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Баспана – ынталандыру ретінде. Алматы облысында медицина қызметкерлерінің тапшылығы мәселесі кешенді шешілуде
Денсаулық сақтау саласында биылғы жылы үш ауылдық дәрігерлік амбулатория іске қосылды, ал жалпы барлығы жеті нысан салынуда. Алматы облысында дәрігер жетіспеушілігі мәселесін болдырмау үшін медицина қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
Алматы облысында биыл 137 мектеп жаңғыртылып жатыр
Алматы облысында жыл соңына дейін жаңа мектептер бойынша жоспар орындалмақ. Қолданысқа берілген 12 мектептің алтауы – жеке меншік. Қалғанының құрылысы аяқталуға жақын. Бұдан басқа, өңірде 137 мектепте жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.