Биылғы жыл – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтілетін тарихи кезең. Бұл кезеңде Қазақ елі, мыңжылдық мәні бар, маңызды оқиғаларды басынан өткерді. Еліміздің басқа аймақтарымен бірге Шығыс Қазақстан облысы да ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қол жеткізді. Ең бастысы өңір халқының тұрмыс-тіршілігі жақсарды. Тәуелсіздік жылдары ішінде жалпы өңірлік өнім көлемі, 2,5 млрд-тан 5,2 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.