Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
2025 жылы 27,4 мың адам скорингтік модель арқылы қосымша қолдау алды 2 ақпан

2025 жылы 27,4 мың адам скорингтік модель арқылы қосымша қолдау алды

Қарағанды облысында және Шымкент қаласында отбасылардың әл-ауқат деңгейін айқындауға арналған скорингтік модельді қолдану арқылы мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. 2025 жылы скоринг мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсету кезінде қолданылып, нәтижесінде 27,4 мың өтініш беруші қосымша қолдау шараларына ие болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Премьер-министр Павлодар облысында энергоқауіпсіздікті нығайту және көмір генерациясын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын тексерді 30 қаңтар

Премьер-министр Павлодар облысында энергоқауіпсіздікті нығайту және көмір генерациясын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, көмір генерациясын дамыту және экономика мен халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабу үшін жаңа қуаттарды іске қосу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақты жұмысын және энергетика мен көмір өндіруде цифрлық шешімдер енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады 29 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Дархан Сатыбалдының айтуынша, былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілген. Мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түскен.

Қызылорда облысының аудандық ауруханасында қайтарылған активтер есебінен инфекциялық бөлімше салынды 26 қаңтар

Қызылорда облысының аудандық ауруханасында қайтарылған активтер есебінен инфекциялық бөлімше салынды

Қызылорда облысының Арал ауданында көпбейінді аудандық орталық ауруханада 25 төсек-орындық инфекциялық бөлімше ашылды. Жаңа бөлімше жіті инфекциялық аурулар кезінде ересектер мен балаларға жедел медициналық көмек көрсетуге, ерте анықтау және емдеуді бастау арқылы аурудың асқынуы мен ауыр ағымының қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Инфекциялық бөлімшенің құрылысы 2,3 млрд теңге сомаға қайтарылған активтердің есебінен қаржыландырылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Астанада Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті 24 қаңтар

Астанада Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияға Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Комиссия төрағасының орынбасарлары ретінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева белгіленген. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлік қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ сарапшылық және ғылыми қауымдастық өкілдері енді.

Ақтөбе облысында көпбейінді аурухананың базасында ревматологиялық бөлімше ашылды 23 қаңтар

Ақтөбе облысында көпбейінді аурухананың базасында ревматологиялық бөлімше ашылды

Ақтөбе облысында мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында көпбейінді аурухананың базасында ревматологиялық  бөлімше ашылды. Бейіндік бөлімшенің ашылуы ревматологиялық аурулардың ерте диагностикасын жақсартуға, емдеуді уақтылы бастауға, асқыну қаупін азайтуға және пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Қырғызстанмен келіссөз нәтижесінде Жамбыл облысының шаруалары сумен толық қамтамасыз етілді 21 қаңтар

Қырғызстанмен келіссөз нәтижесінде Жамбыл облысының шаруалары сумен толық қамтамасыз етілді

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Шу және Талас өзендері бойынша ынтымақтастық 2000 жылы қол қойылған Келісім негізінде табысты дамып келеді. Осы құжат аясында Шу-Талас су шаруашылық комиссиясы тұрақты түрде жұмыс істейді, жылына кемінде екі рет су шаруашылық нысандарын бірлесіп күтіп ұстау мәселелерін қарайды, олардың жұмыс режимдерін үйлестіреді және су беру кестесін вегетациялық кезеңге бекітеді. ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында осылай деді.

«Таза Қазақстан»: 2025 жылы ШҚО-да 127 экологиялық іс-шара өткізілді 19 қаңтар

«Таза Қазақстан»: 2025 жылы ШҚО-да 127 экологиялық іс-шара өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Қызылорда облысында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті 19 қаңтар

Қызылорда облысында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді 19 қаңтар

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді

Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Саран қаласында жаңа зауыттар іске қосылуға дайындалуда 16 қаңтар

Саран қаласында жаңа зауыттар іске қосылуға дайындалуда

Қарағанды облысында өңірдің өнеркәсіптік өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналған Saran индустриялық аймағын дамыту қарқынды жалғасып жатыр. Биыл мұнда жаңа өндіріс орындарын, соның ішінде HOWO брендімен жүк көліктерін шығаратын зауытты іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды 16 қаңтар

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.