Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияға Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Комиссия төрағасының орынбасарлары ретінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева белгіленген. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлік қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ сарапшылық және ғылыми қауымдастық өкілдері енді.