Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді 15 қазан 2025

Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында өңірлерде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және құрылыс жобаларына 480 млн теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасының реконструкциясы аяқталуға жақын 15 қазан 2025

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасының реконструкциясы аяқталуға жақын

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында 58 жылдан кейін алғаш рет қолға алынған Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба аясында ұзындығы 8 шақырымнан асатын «Көшім» каналы, ұзындығы 3 шақырымнан асатын су қоймасының бөгеті, сондай-ақ Первомай, Бударин және Киров-Чижин каналдары жөнделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Премьер-министр экономиканың негізгі салаларында өсу қарқынын арттыра түсу керектігін және халықтың табысын арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды 14 қазан 2025

Премьер-министр экономиканың негізгі салаларында өсу қарқынын арттыра түсу керектігін және халықтың табысын арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Жиында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев, қаржы министрі Мәди Такиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндама жасады. Сондай-ақ Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ағымдағы жылдың басынан бері 21,5 мыңнан астам адам жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылды 14 қазан 2025

Ағымдағы жылдың басынан бері 21,5 мыңнан астам адам жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылды

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жастар практикасы бойынша 21,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы бұл салада барлығы 33 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарлануда. Жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастырылғандардың ең көп саны Түркістан – 6 мың адам, Қызылорда – 2,3 мың адам, Жамбыл – 1,7 мың адам, Ақтөбе облыстарында – 1,5 мың адам және Шымкент қ. – 1,3 мың адам тіркелген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленуде 10 қазан 2025

Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленуде

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Торғай өңірін дамытуға және оның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу үшін перспективалық жобаларды қарауға арналған жиын өткізді. Оған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Батталов, мемлекеттік органдардың вице-министрлері, бизнес-қоғамдастық өкілдері және тағы да басқалар қатысты, деп хабарлайды ҚР Үлттық экономика министрлігі.

Қызылорда облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді 10 қазан 2025

Қызылорда облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді

Еліміздің өңірлері тұрғындарын сумен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған басым міндеттерінің бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу жобаларын жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс Салбурыны-2025» атты мерейтойлық халықаралық фестиваль басталды 9 қазан 2025

Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс Салбурыны-2025» атты мерейтойлық халықаралық фестиваль басталды

Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс Салбурыны-2025» атты V мерейтойлық халықаралық фестиваль басталды. Дәстүрлі түрде фестиваль Ұлан ауданының Бозанбай ауылында, көркем Бүркіт төбенің етегінде өтуде, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен дәрігерлік амбулатория салынды 9 қазан 2025

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен дәрігерлік амбулатория салынды

Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Әлеуметтік нысан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Түркістан облысында «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті 8 қазан 2025

Түркістан облысында «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

Дүниежүзілік мақта күніне орай Түркістан облысында фермерлерді, қайта өңдеушілерді, аграрлық ғылым мен бизнес өкілдерін біріктірген ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты – отандық мақта саласының жетістіктерін насихаттау, тәжірибе алмасу, заманауи агротехнологияларды таныстыру және жұмысшы мамандықтар жылы аясында үздік ауыл еңбеккерлерін марапаттау, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Алматы облысында ауызсумен қамту инфрақұрылымы жаңартылып, қамту деңгейі 99,6%-ға дейін өседі 8 қазан 2025

Алматы облысында ауызсумен қамту инфрақұрылымы жаңартылып, қамту деңгейі 99,6%-ға дейін өседі

Алматы облысында облыстық маңызы бар 2 қала (Алатау, Қонаев) және аудандық маңызы бар 3 қала (Қаскелең, Есік, Талғар) толықтай орталықтандырылған ауызсумен қамтылған (100%). 368 ауылдық елді мекеннің 344-і немесе 93,5%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Қалған 24 ауылда (6%) жағдай келесідей: 2 ауылда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ал 3 ауылдың тұрғындары жеке ұңғымаларды пайдаланып, орталық жүйеден бас тартқан, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Ақтауда тұңғыш рет «TurkicSkills 2025» халықаралық шеберлік чемпионаты басталды 6 қазан 2025

Ақтауда тұңғыш рет «TurkicSkills 2025» халықаралық шеберлік чемпионаты басталды

Ақтау қаласында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында алғаш рет «TurkicSkills 2025» І Халықаралық шеберлік чемпионаты өз жұмысын бастады. Білім бәсекесінде Венгрия, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген 53 қатысушы бақ сынайды. Оның ішінде Қазақстанның әр өңірінен 10 студент қатысып жатыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады 3 қазан 2025

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы баяндалды.