Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Жетісу облысында газбетонды блоктар шығаратын заманауи зауыт ашылды 9 шілде 2025

Жетісу облысында газбетонды блоктар шығаратын заманауи зауыт ашылды

Жетісу облысында автоклавты қатайтатын газбетонды блоктар шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Бұл кірпіштің осы түрлерін өндіретін өңірдегі алғашқы кәсіпорын. Зауыттың қуаты жылына – 150 мың текше метр. Мұнда 50 жаңа жұмыс орны ашылған. Жаңа зауытқа 2,5 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Шымкент қаласында әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алуда 8 шілде 2025

Шымкент қаласында әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алуда

Шымкент қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Қазіргі таңда қала аумағында білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар және мемлекеттік органдарға арналған нысандардың құрылысы мен жобалау-сметалық құжаттамаларының әзірленуі қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Астанада «Games of the Future 2026» турнирі өтеді 8 шілде 2025

Астанада «Games of the Future 2026» турнирі өтеді

Қазақстан фиджитал тұжырымдамасына негізделген халықаралық көпспортты турнир – Games of the Future 2026 («Болашақ ойындары») өткізуге дайындалуда. Бұл ірі спорттық іс-шара физикалық және цифрлық өлшемдерді (physical+digital) біріктіретін жарыстарды қамтиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Теміртауда «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасының шеңберінде мектеп стоматологиялық кабинеті ашылды 8 шілде 2025

Теміртауда «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасының шеңберінде мектеп стоматологиялық кабинеті ашылды

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен жарақталған стоматологиялық кабинет ашылды. Бұл білім беру ортасында стоматологиялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасын іске асырудың арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Ақмола облысында сумен жабдықтау желілерін салуға елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен 21,5 млрд теңге бөлінді 8 шілде 2025

Ақмола облысында сумен жабдықтау желілерін салуға елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен 21,5 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу жалғасуда. Ақмола облысында сумен жабдықтау жүйесін салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 21,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстандықтар Астана күнін атап өтеді 6 шілде 2025

Қазақстандықтар Астана күнін атап өтеді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күнімен құттықтады 6 шілде 2025

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күнімен құттықтады

Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді 4 шілде 2025

Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

Елорда күні мерекесі аясында Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шара 8 шілдеде Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Талдықорғандық оқушы Еуропада өткен география олимпиадасында топ жарды 4 шілде 2025

Талдықорғандық оқушы Еуропада өткен география олимпиадасында топ жарды

Литвада өткен География пәні бойынша Еуропа олимпиадасында (EGeo) Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді 3 шілде 2025

Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде елімізде энергетикалық инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту жүргізілуде. Үкімет қаулысымен Ақмола облысы Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялау үшін резервтен шамамен 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстанда гипоаллергенді A2 сүті өндірісі жолға қойылады 3 шілде 2025

Қазақстанда гипоаллергенді A2 сүті өндірісі жолға қойылады

Өндіріс Павлодар облысында ұйымдастырылып, A2 түріндегі сүт шығарылады. Бұл өнім дәстүрлі сиыр сүтіне сезімтал адамдар үшін жеңіл қорытылатын әрі қауіпсіз деп есептеледі, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қазақстанда жасанды интеллект базасында алғашқы тегін заң көмекшісі іске қосылды 3 шілде 2025

Қазақстанда жасанды интеллект базасында алғашқы тегін заң көмекшісі іске қосылды

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ItByDesign компаниясының IT-мамандарының командасымен бірлесіп LegalExpert.kz атты еліміздегі алғашқы тегін заңгерлік онлайн-сервисті іске қосты. Жасанды интеллект базасындағы жүйе құқықтық мәселелерді нақты уақыт режимінде шешуге көмектеседі: жұмыс берушімен болған әдеттегі проблемалардан бастап, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық құқық саласындағы неғұрлым күрделі жағдайларға дейін, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.