Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады 17 қаңтар 2025

Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады

Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады 17 қаңтар 2025

Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысына жаңадан су қоймасы мен каналдар салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 2 су торабы мен 4 гидротехникалық құрылысқа реконструкция жасалады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстанда жоғары технологиялық дрондар өндірісі жоспарлануда 17 қаңтар 2025

Қазақстанда жоғары технологиялық дрондар өндірісі жоспарлануда

Yesil Technology Company компаниясы Алматы облысында жоғары технологиялық дрондар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр. Жобаны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «KAZAKH INVEST» АҚ қолдауымен жүзеге асыру көзделген, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Биыл Қызылордада кірпіш зауыты, ЖЭО және түйе сүті ұнтағын өндіретін зауыт іске қосылады 16 қаңтар 2025

Биыл Қызылордада кірпіш зауыты, ЖЭО және түйе сүті ұнтағын өндіретін зауыт іске қосылады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда Қызылорда облысының инвестициялық дамуы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ваучерлік қаржыландыру: жүйе қалай жұмыс істейді және оның артықшылықтары қандай? 15 қаңтар 2025

Ваучерлік қаржыландыру: жүйе қалай жұмыс істейді және оның артықшылықтары қандай?

2024 жылдан бастап Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жоба іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда ваучерлік қаржыландыру Тараз (Жамбыл облысы), Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған 15 қаңтар 2025

2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064 жеке үй. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

2025 жылдан бастап 1000 ауыл мектебі «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына қосылады 14 қаңтар 2025

2025 жылдан бастап 1000 ауыл мектебі «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына қосылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы іске асырылуда, оның ішінде Ақтөбе облысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақталған ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту», Алматы облысында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру», Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептерінің желісін дамыту», Ұлытау облысында  «Ustaz Ulytau» сияқты өңірлік бастамалар қамтылған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» ашылды 13 қаңтар 2025

Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» ашылды

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласының 33-ші шағын ауданында №33 жалпы білім беретін мектеп ашылды. Жаңа мектеп заманауи 66 пән кабинетімен, оның ішінде STEM-зертханалар, қыш өнері, визуалды дизайн, хореография сияқты шығармашылық бағыттарға арналған кабинеттермен жабдықталған, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады 13 қаңтар 2025

Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады

Үкімет Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлді. Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде іске асырылуда. Президенттің тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордағы қаражат өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады 8 қаңтар 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді 6 қаңтар 2025

Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент, ең алдымен, Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды.

Ақмола облысында 12 200 орынға арналған 9 жайлы мектептің құрылысы аяқталды 31 желтоқсан 2024

Ақмола облысында 12 200 орынға арналған 9 жайлы мектептің құрылысы аяқталды

Қазіргі уақытта өңірде 12 200 орындық барлық жоспарланған 9 заманауи мектептің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл мектеп оқушыларының оқу жағдайын едәуір жақсартып, жұмыс істеп тұрған мектептердің жүктемесін азайтты, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.