«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласының 33-ші шағын ауданында №33 жалпы білім беретін мектеп ашылды. Жаңа мектеп заманауи 66 пән кабинетімен, оның ішінде STEM-зертханалар, қыш өнері, визуалды дизайн, хореография сияқты шығармашылық бағыттарға арналған кабинеттермен жабдықталған, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.