Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Атырау өңірінде кәріз жүйелері және электр желілері жаңғыртылып жатыр 3 желтоқсан 2024

Атырау өңірінде кәріз жүйелері және электр желілері жаңғыртылып жатыр

Атырау облысының Исатай ауданы Аққыстау ауылында кәріздік тазарту ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Құлсары қаласында кәріз сорғы станциялары күрделі жөндеуден өтуде. Одан бөлек, 1950 жылдардан бері жөндеу көрмеген кәріз желісі жаңғыртылуда. Бұл жайлы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ брифингінде айтты.

Атырау облысында инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды 3 желтоқсан 2024

Атырау облысында инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды

Биыл Атырау облысында 9 жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр. Өткен айда 1200 және 300 орындық екі мектеп ашылды. Осы ай соңында қаладағы Водников ауылында 1200 орындық тағы бір мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, келер жылы 6 мектептің құрылысы аяқталады. 2026 жылға қарай тағы 3 білім ордасы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Атырау облысына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылды 3 желтоқсан 2024

Атырау облысына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылды

2024 жылдың бірінші жарты жылдығында Атырау облысының жалпы ішкі өнімнің көлемі 6,7 трлн теңгені құрады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыс экономикасының үлесі – 12,7%. 2024 жылдың 10 айында өңірге түскен салықтық және басқа түсімдер 3,6 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

2025 жылы Ақмола облысында 68 мың адам тұратын 6 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі 3 желтоқсан 2024

2025 жылы Ақмола облысында 68 мың адам тұратын 6 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі

Ақмола облысында ағымдағы жылыту маусымына дайындыққа 40 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде алғаш рет меншік иесінің есебінен 8 млрд теңге берілді. Фокус жылумен жабдықтау көздері мен желілерінің тозуы жоғары аймақтарға бағытталған. Биыл Степногорск қаласында 8 шақырым желі жөнделді, бұл тозуды 82%-дан 73%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осындай жұмыстар Атбасарда да жүргізілді. Жылу көздері мен желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100% орындалды. Бұл туралы ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов баяндады.

Ақмола өңірінде туризм, білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты 3 желтоқсан 2024

Ақмола өңірінде туризм, білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты

Ақмола облысы – еліміздің тек астықты аймағы ғана емес, сонымен қатар өзінің сұлу табиғатымен – Бурабай, Зеренді курорттық аймақтарымен, Қорғалжын қорығымен танымал. Бурабай курорты өңірде туризмді дамытудың негізгі көшбасшысы саналады. Бұл аймақ Алматы және Маңғыстау облыстарының туристік дестинацияларымен қатар, елімізде туризмді дамытудың үш негізгі орталықтарының бірі ретінде белгіленген. Президент алға қойған міндеттер аясында Үкіметпен бірлесіп, Бурабай курортының жаңа концептін құру бойынша 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленуде. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ брифингінде осылай деді.

Ақмола өңірінде су тасқынының салдарын жою жұмысы аяқталды 3 желтоқсан 2024

Ақмола өңірінде су тасқынының салдарын жою жұмысы аяқталды

Су тасқыны кезінде Ақмола облысы бойынша зардап шеккен 820-дан астам отбасыға мүлік шығыны өтелді, 715 отбасыға үйлерін жөндеуге өтемақы төленді. Сонымен қатар шамамен 2 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. 221 отбасы үшін пәтерлер мен үйлер сатып алынды. Сондай-ақ, облыста 330 отбасы үшін жаңа үйлер салынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары ауыл тұрғындарына 165 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті 2 желтоқсан 2024

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары ауыл тұрғындарына 165 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары шалғайдағы ауылдар мен станциялардың 60 мыңға жуық тұрғынын, оның ішінде 14 мыңнан астам баланы қарап-тексерді. Ауруханалар мен дәрігерлер жоқ ауылдық аумақтардың тұрғындары бейінді мамандардың консультацияларын, аспаптық және зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, 165 мыңнан астам білікті медициналық қызметтерді ала алды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Еліміздің жетекші ғалымдары Қазақстанда асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамыту жолдарын талқылады 29 қараша 2024

Еліміздің жетекші ғалымдары Қазақстанда асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамыту жолдарын талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде елімізде жылқы шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Үкіметке қысқа мерзімде жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Мемлекет басшысының алға қойған міндетін орындау мақсатында қазақ жылқы шаруашылығы және жем өндіру ғылыми-зерттеу институты Ақтөбе облысындағы тәжірибе станциясының базасында құрылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Астанада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7%-ға артты: Олжас Бектенов Президенттің еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді 29 қараша 2024

Астанада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7%-ға артты: Олжас Бектенов Президенттің еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы кәсіпорындарында металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль және теміржол машинасын жасау салаларының дамуымен танысты. Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру және басым салалардағы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуы тексерілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан 29 қараша 2024

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Алматы облысының Көкөзек ауылында орналасқан кезекті 36-шы мектеп есігін айқара ашты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Түркістан өңірінде бірқатар салада ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды 28 қараша 2024

Түркістан өңірінде бірқатар салада ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды

Түркістан облысында демографиялық өсім жоғары. Өңірдегі құрылыс жұмыстарының көлемі биыл 343 млрд теңгеге жетіп, өсім 134%-ды құрады. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында биыл аудан, қалаларда арендалық және ипотекалық баспаналар салынуда. Нәтижесінде, облыста кезекте тұрған 5 мыңнан аса отбасының баспана мәселесі шешіледі. Қосымша 35 мың оқушы орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында биыл 50 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында осылай деді.

Түркістан өңірі мақта мен ет өндірісінде едәуір нәтижеге қол жеткізді 28 қараша 2024

Түркістан өңірі мақта мен ет өндірісінде едәуір нәтижеге қол жеткізді

Түркістан облысы – республикада мақта өсіретін жалғыз аймақ. Биыл 106 мың гектарға мақта егілді. Дегенмен, дәстүрлі әдісті қолданғандықтан, оның өнімділігі де төмен болып отыр. Енді заманауи суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластерін құру қолға алынды. Яғни, мақта өсіруден бастап жіп, мата және киім сияқты дайын тоқыма өнімдерін өндіруге дейін қамтылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында хаарлады.