«Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қарашада Брюссельге ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, бірлескен энергетикалық, көлік-логистикалық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия төрағасын өз елінде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

«Көшбасшылар стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға деген өзара ниеттерін қуаттады», - делінген хабарламада.

Кездесу соңында Тоқаев фон дер Ляйенді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды”, – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

https://interfax.com/newsroom/top-stories/83232/