Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

29.01.2025

Жарияланымдар · 7

Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы

АҢДАТПА!

16:05Баспасөз хабарламалары

Болат Жәмішев: «Қазақстан халқына» қоры елімізде инновациялық препараттарды қолдануды бастауға ықпал етіп жатыр

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры денсаулық сақтау саласында көмек көрсетудің 3 негізгі бағытын анықтады: инновациялық мақсатты дәрілік заттарды сатып алуды қаржыландыру, саланы үздік әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтарымен жарақтандыру және елімізге жаңа технологияларды трансферттеу мақсатында дәрігерлер мен мамандарды оқыту.

15:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

2024 жылы «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен су тасқынынан зардап шеккендерге 627 үй салынды

«Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында төтенше жағдайлар, оның ішінде былтыр су тасқынының салдарын жою кезінде көрсетілген көмек туралы айтты.

15:10Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» ҚҚ жыл соңына дейін барлық өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 25 оңалту орталығын ашуды жоспарлап отыр

«Қазақстан халқына» қоры әлеуметтік қолдау және оңалту саласында 29 жобаны іске асырып жатыр. Ерекше балаларға арналған облыстық және аудандық оңалту орталықтарын құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев хабарлады.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Үш жыл ішінде «Қазақстан халқына» ҚҚ 186 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті

«Қазақстан халқына» қоры құрылғаннан бері 3 жыл өтті. Осы уақыт ішінде ұйымның қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру нәтижелері туралы «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев баяндама жасады.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

12:35Мемлекет басшысының қызметі

Инженерлерді даярлаудың барлық бағдарламасына жасанды интеллект қолдануды оқытатын пәндер енгізілуде - ҒЖБМ

Дүниежүзілік экономикалық форумда 2028 жылға дейін жұмысшылардың дағдыларының 44% - ы өзгеруге жатады деп болжам жасалды. Орташа есеппен, жұмыс рөлдерінің 87%-ы генеративті жасанды интеллектпен толықтырылады немесе ауыстырылады. Сондықтан қазір инженерлерді даярлаудың барлық бағдарламаларына кәсіби қызметте жасанды интеллекті қолдануды оқытатын пәндер енгізілуде. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

12:00Жаңалықтар