Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

30.01.2025

Жарияланымдар · 11

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

18:05Жаңалықтар

Қазақстандағы екі музейге «Ұлттық» мәртебе берілді

17:36Мемлекет басшысының қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

17:02Жаңалықтар

Астанада IX қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

Елордада IX қысқы Азия ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Сары құрлық бәсекесі 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

16:15Жаңалықтар

Көлеңкелі экономика үлесін төмендету жөніндегі KPI мемлекеттік органдардың даму жоспарына енгізіледі

Салық-бюджет реформасын іске асыру шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте салықтық әкімшілендіруді күшейту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:01Жаңалықтар

ҚР 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясатының тұжырымдамасы туралы

АҢДАТПА!

15:27Баспасөз хабарламалары

Сапаны бақылау: заңнаманы бұзып берілген сәйкестікті бағалау туралы 1 мың құжаттың күші жойылды

Кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту үшін процестерді цифрландыру жұмыстары басталды. Бұл құжаттарды беру мерзімін қысқартуға және процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда техникалық реттеу және метрология саласындағы 100-ден астам дербес үдеріс цифрландырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова мәлімдеді.

15:10Жаңалықтар

Техникалық реттеу талаптарын бұзған субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тұтынушылар үшін маңызды тетіктердің бірі болып табылады. 2024 жылы жергілікті департаменттер 8 мыңнан астам бақылау іс-шарасын жүргізді. 6152 жағдайда бұзушылықтар анықталды, бұл тексерулердің жалпы санының 74%-н пайызын құрайды. Бұл туралы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Кедергісіз орта және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту: бірқатар стандарт қабылданды

Стандарттар өнім сапасын арттыруда үлкен рөл атқарады. Қазіргі уақытта нормативтік құжаттардың бірыңғай қорында 75 мыңнан астам құжат бар. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекованың айтуынша, 2024 жылы 137 стандарт бекітілген, оның 34-і бизнес өкілдерінің бастамасымен әзірленген.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Тұтынушылық тауарларға қатысты жаңа техникалық регламенттер қабылданды

Елімізде тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Бүгінгі таңда ЕАЭО шеңберінде айналымдағы өнімнің 85%-дан астамын қамтитын 47 техникалық регламент қабылданды. Айналымдағы өнімнің шамамен 15%-ы ұлттық деңгейде реттеледі. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова ОКҚ алаңында техникалық реттеу саласындағы жаңашылдықтар жайында баяндады.

14:40Жаңалықтар

Қазақстанда 22,7 мыңнан астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген

2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында елімізде әлеуметтік инфрақұрылымның 22 777 объектісі толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:28Президенттің тапсырмалары