Елімізде тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Бүгінгі таңда ЕАЭО шеңберінде айналымдағы өнімнің 85%-дан астамын қамтитын 47 техникалық регламент қабылданды. Айналымдағы өнімнің шамамен 15%-ы ұлттық деңгейде реттеледі. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова ОКҚ алаңында техникалық реттеу саласындағы жаңашылдықтар жайында баяндады.