Кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту үшін процестерді цифрландыру жұмыстары басталды. Бұл құжаттарды беру мерзімін қысқартуға және процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда техникалық реттеу және метрология саласындағы 100-ден астам дербес үдеріс цифрландырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова мәлімдеді.