Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

31.01.2025

Жарияланымдар · 11

2025 жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді

Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен 2019 жылы іске қосылған Президенттік жастар кадр резервін құру дарынды жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға мол мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

17:01Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі Акихиса Нагашиманы қабылдады

15:56Жаңалықтар

Инклюзивті саясат тұжырымдамасы: азаматтар, сарапшылар және түрлі санаттағы мүгедектігі бар адамдардан 1,3 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті

Қазақстанда мүгедектігі бар 732 мыңнан астам адам тұрады, бұл – ел тұрғындарының жалпы санының 3,6%-ы. 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы – мемлекеттік органдардың да, жалпы халықтың да инклюзивті даму траекториясын анықтайтын стратегиялық маңызы бар құжат. Тұжырымдама Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциямен үндестіріледі, сондай-ақ онда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі комитеттің ұсынымдары ескерілген. ОКҚ алаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Захира Бегалиева құжаттың басты ерекшелігі медициналық-әлеуметтік модельден әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу екенін атап өтті.

15:20Жаңалықтар

Мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы орта: қосымша шаралар қабылданады

Мәдениет, спорт және туризм инфрақұрылымын дамытудың негізгі міндеттерінің бірі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді нысандар мен қызметтердің санын ұлғайту болып табылады. Ол үшін концерттік ұйымдарда, театрларда, мәдени демалыс ұйымдарында, кітапханаларда, мұражайлар мен мұражай-қорықтарда, цирктерде, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт объектілері мен құрылыстарында кедергісіз орта құру көзделіп отыр. Мәселен, мұндай объектілерді мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы құрылғылармен қамтамасыз ету жоспарда бар. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ брифингінде хабарлады.

15:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту шараларының тізімі кеңейтіледі

Елімізде мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жүйесі одан әрі жетілдіріліп жатыр. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 111,4 мың адам немесе мүгедектігі бар еңбекке қабілетті адамдардың 29%-ы (381 мың) жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар өңірлер бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту деңгейі 20%-дан 55%-ға дейін өзгереді. Осыған байланысты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және жұмыс берушілерді мүгедек адамдарды жұмыспен қамтуға ынталандыру үшін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамайтын жұмыс берушілердің бюджетке өтемақы төлеу тетігін енгізу көзделген. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

15:00Жаңалықтар

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілер лицензиялаудан өтуге міндеттелді

Қазақстанда мониторинг және бақылау тетіктерін енгізе отырып, жаңа тиімді заңнамалық нормативтік актілерді қабылдаудың нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды құқықтық қорғау кеңейтіледі. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері үшін қарым-қатынас стандарттарын, мүдегектігі бар адамдардың өзара іс-қимыл әдебі, оның ішінде есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін ымдау тілі мен Брайль әліпбиін қоса алғанда, арнайы коммуникация дағдылары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ол үшін мүгедектігі бар адамдарды құқықтық қорғауды арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру көзделген. Бұл жайында ҚР tңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ брифингінде айтты.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Инклюзивті саясат тұжырымдамасының іс-қимыл жоспарында 52 іс-шара қарастырылған

Елімізде мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік моделінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшуге жағдай жасау түбегейлі жаңашылдық болып табылады. Инклюзивті саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруға, мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың қоғамға толыққанды әлеуметтік интеграциялануы үшін қажетті жағдайлар жасауға бақытталған пәрменді шаралар кешенін қабылдауды көздейді. Осы орайда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Олжас Бектенов: цифрлық технологияларды енгізу ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімін 2-3%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыда өткен «Digital Almaty 2025: Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» халықаралық цифрлық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:15Жаңалықтар

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына қабылдау

АҢДАТПА!

11:59Баспасөз хабарламалары

Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды

Нысан 2022 жылы қолданысқа берілуге тиіс еді. Алайда, пандемия мен қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалды, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

10:26Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллар көлемінде қаражат аударылды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

09:17Президенттің тапсырмалары