Елімізде мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жүйесі одан әрі жетілдіріліп жатыр. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 111,4 мың адам немесе мүгедектігі бар еңбекке қабілетті адамдардың 29%-ы (381 мың) жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар өңірлер бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту деңгейі 20%-дан 55%-ға дейін өзгереді. Осыған байланысты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және жұмыс берушілерді мүгедек адамдарды жұмыспен қамтуға ынталандыру үшін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамайтын жұмыс берушілердің бюджетке өтемақы төлеу тетігін енгізу көзделген. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.