Елімізде мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік моделінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшуге жағдай жасау түбегейлі жаңашылдық болып табылады. Инклюзивті саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруға, мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың қоғамға толыққанды әлеуметтік интеграциялануы үшін қажетті жағдайлар жасауға бақытталған пәрменді шаралар кешенін қабылдауды көздейді. Осы орайда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында хабарлады.