Қазақстанда мүгедектігі бар 732 мыңнан астам адам тұрады, бұл – ел тұрғындарының жалпы санының 3,6%-ы. 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы – мемлекеттік органдардың да, жалпы халықтың да инклюзивті даму траекториясын анықтайтын стратегиялық маңызы бар құжат. Тұжырымдама Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциямен үндестіріледі, сондай-ақ онда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі комитеттің ұсынымдары ескерілген. ОКҚ алаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Захира Бегалиева құжаттың басты ерекшелігі медициналық-әлеуметтік модельден әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу екенін атап өтті.