Дүниежүзілік экономикалық форумда 2028 жылға дейін жұмысшылардың дағдыларының 44% - ы өзгеруге жатады деп болжам жасалды. Орташа есеппен, жұмыс рөлдерінің 87%-ы генеративті жасанды интеллектпен толықтырылады немесе ауыстырылады. Сондықтан қазір инженерлерді даярлаудың барлық бағдарламаларына кәсіби қызметте жасанды интеллекті қолдануды оқытатын пәндер енгізілуде. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.