Күн жаңалықтары
18.02.2025
Жарияланымдар · 12
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келді
Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды.
Британ университетінің Астанадағы тұңғыш кампусы Coventry University Kazakhstan оқу орны «Келешек» жүйесінің қатысушыларына арнап ерекше шарттар ұсынбақ
Coventry University Kazakhstan мен «Қаржы орталығы» АҚ келісімге қол қойып, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесіне тіркелген жастардың университетте 20%-ға дейінгі жеңілдікпен білім алуына жағдай жасауда, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Мемлекет басшысының теміржол саласындағы жобаларды іске асыру туралы тапсырмаларының орындалу барысы
АҢДАТПА!
Солтүстік Арал теңізін сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек – су ресурстары вице-министрі
Арал теңізін толығымен қалпына келтіруге бола ма? Бұл сұраққа ОКҚ алаңында Қазақстанның су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров жауап берді.
Су үнемдейтін фермерлер үшін суға субсидиялар мөлшері 85%-ға дейін ұлғайтылды
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларды су үнемдеу технологияларын белсенді енгізуге шақырады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оларды қолдану, сондай-ақ күріш алқаптарын тегістеу шамамен 200 млн текше метр суды үнемдеп, оны Солтүстік Арал теңізіне жіберуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрілігі Солтүстік Арал теңізін сақтау жоспарларын жариялады
ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі Мөлдір Әбдуалиева Солтүстік Арал теңізін сақтау және толтыру мақсатында су инфрақұрылымының құрылысы мен дамуы қалай жүріп жатқаны жайында хабарлады. Ведомство берген мәліметке сәйкес, жыл соңына дейін Көкарал бөгетін қайта жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр.
Солтүстік Арал теңізінің көлемі мен ауданы ұлғайып жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метрден астам су жіберді. Бұл осыған дейін жоспарланған көлемен 100 млн текше метрге артық. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері ОКҚ алаңында Солтүстік Арал су тасқыны немесе жаңбыр есебінен толып жатыр деген пікірдің қате екенін атап өтті. Мәселен, еліміздің оңтүстігінде ауқымды су тасқыны болған жоқ, дегенмен, судың көлемі артып келеді.
Tasqyn су тасқынын болжау жүйесі өндірістік қолданысқа берілді
Елімізде Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қостанай облысында Қазақстандағы алғашқы автокомпоненттер шығаратын зауыт салынып жатыр
Қостанай облысы Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмасын жүзеге асырып, үш негізгі экономикалық бағыт бойынша дамып келеді: машина жасау, қара металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Өңірдің басым бағыттарының бірі – автомобиль жасау мен автокомпоненттер өндірісін қамтитын машина жасау саласын дамыту, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қызылордада «Жолаушылар вагондарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету кешені және вагон құрастыру зауыты» жобасы жүзеге асырылуда
Жобаға 15,4 млрд теңге инвестиция тартылып, оны іске асыру екі кезең бойынша жүзеге асады. Бірінші кезеңде депода жылына 560 жолаушылар вагонын ағымдағы жөндеу, сондай-ақ 180 вагон жөндеу кешені жоспарланған, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі.
2025 жылғы 1 ақпанда 169 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 31,9 мың отбасындағы 169,1 мың адамға 2,3 млрд теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.