Coventry University Kazakhstan мен «Қаржы орталығы» АҚ келісімге қол қойып, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесіне тіркелген жастардың университетте 20%-ға дейінгі жеңілдікпен білім алуына жағдай жасауда, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.